Еңбек десанты жалғасуда

19.08.2026

Жаныспай ауылының КММ «Жалпы білім беретін мектебінде» 9-сынып оқушылары арасында еңбек десанты өз жалғасын табуда.

Оқушылар мектеп аумағын абаттандыруға белсенді қатысып, мектеп ауласын және оған іргелес аумақты тазалап, тәртіпке келтіру жұмыстарын атқаруда. Бірлескен еңбек оқушылардың жауапкершілігін, еңбекқорлығын, қоршаған ортаға ұқыпты қарауын және ұйымшылдығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Әр оқушы мектептің таза әрі көрікті болуына өз үлесін қосуда!

Просмотров: 166


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу