«Радуга» жазғы алаңының 9-ншы күні көтеріңкі көңіл күй мен достыққа толы болды
https://www.instagram.com/p/DKzsSUDhpz2/?hl=ru
1️⃣ Күн әрқашанғыдай «Достасып, бірге, ретпен – бәріміз таңғы жаттығуға!» деген ұранмен басталды.
2️⃣ «Менің көңіл күйім – керемет» атты денсаулық минутында балалар өз сезімдерімен бөлісіп, жақсы көңіл күйдің маңызын талқылады.
3️⃣ Дәмді таңғы ас ішілді.
4️⃣ Одан кейін балалар мектеп ауласындағы жұмыстарға белсене қатысты.
5️⃣ Алдағы мерекелік іс-шараға дайындық қызу жүріп жатыр – балалар әндер мен би қимылдарын қайталап, бір-біріне көмектесті.
6️⃣ Сонымен қатар, «Сау бол, Лагерь!» атты болашақ салтанатты іс-шараға арналған мақтау хаттары мен тілектер дайындала бастады.
7️⃣ Балалар достарына арнап тілек-хаттар жазды – шын жүректен шыққан жылы сөздер әр қатысушыны қуантты.
8️⃣ Күн қауіпсіздік ережелері туралы әңгімемен қорытындыланды.