Текст
Қазақстанда WhatsApp аккаунттарын бұзу жағдайлары жиілеп кетті. Астана қаласының полиция департаменті қаскүнемдердің қандай схемаларды қолданатынын және оны қалай болдырмауға болатынын нақты көрсетті."Зиянкестер зиянды сілтемені пайдаланып жеке WhatsApp есептік жазбасына кіретіні анықталды, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олар есептік жазбаға кіре алады. Осыған байланысты азаматтарды, әдетте, жүлделер ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде қайталанатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай - ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге ескертеміз және шақырамыз", - деп ескертті ведомстводан.