9 - сыныпта Ғарышкерлер күніне арналған "Қазақстан - ғарыш державасы "сынып сағаты. Мақсаты: Ғарыш туралы, ғарышты зерттеу және оны пайдалану туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін кеңейту, олардың ойлау қабілетін жандандыру; Қазақстан өз аумағында ғарыш айлағы бар санаулы мемлекеттердің бірі екенін пайдалана отырып, оқушыларды отаншылдық, өз Отаны үшін ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеу.