«Радуга» жазғы алаңының жетінші күні табиғатпен үйлесімділік пен шығармашылыққа арналды
https://www.instagram.com/p/DKuYYWTIJ3J/?hl=ru&img_index=1
1️⃣ Таңымыз дәстүрлі жаттығумен басталды — белсенді қозғалыс пен көтеріңкі көңіл күй балалардың күніне серпін берді.
2️⃣ Балалармен бірге қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау тақырыбында танымдық әңгіме жүргізілді.
3️⃣ Мектеп аумағын тазарту жұмыстары жалғасты - әр бала өз үлесін қосты.
4️⃣ Балалар ерекше шабытпен табиғатта кездестірген түрлі элементтерден білезік жасады. Бұл білезіктер тек гүлдер мен жапырақтардан ғана емес, сонымен қатар шөптерден, түрлі ұсақ тастардан, қауырсындар мен табиғат аясында табылған басқа да қызықты заттардан құралды. Әрқайсысының жұмысы қайталанбас және өзінше ерекше болды.
5️⃣ Таңғы астан кейін балалар таза ауада қозғалыс ойындарына қатысып, күнді сергектікпен жалғастырды.