Ұйымдар тізімі
17.08.2026
Шілде айында мектебімізде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылып, қызықты әрі танымды сабақтар өткізілді.
Сабақтардың негізгі мақсаты – балаларды мектеп өміріне дайындау, оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыру және жаңа ортаға жеңіл бейімделуіне жағдай жасау.
Балалар мектеппен танысып, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренді, қызықты танымдық және шығармашылық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар олардың сөйлеу қабілеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, логикалық ойлауы және қарапайым математикалық дағдылары дамытылды.
Сабақтар ойын түрінде, жылы әрі достық атмосферада өткізілді. Балалар мектеп тәртібіне бейімделіп, мұғалімдермен танысып, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
«Балақайлар мектебі» кішкентай бүлдіршіндер үшін мектеп өміріне жасалған алғашқы әрі жарқын қадам болды!
Болашақ бірінші сынып оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және үлкен жетістіктер тілейміз!