"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17 НАУРЫЗ – «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»

18.03.2025

Наурыз мейрамы аясында мектебімізде Шаңырақ күні аталып өтті. Бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға арналған ерекше мереке.
Мереке аясында алдымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар отбасының маңыздылығы, ұлттық тәрбие, үлкендерге құрмет көрсету жайлы ой бөлісіп, өз отбасылары туралы әңгімеледі. Әр бала өзінің ата-анасына, ата-әжесіне деген сүйіспеншілігін білдіріп, отбасы жылулығының маңызын ұғынды.

https://www.instagram.com/p/DHTfgXFIgQb/?hl=ru

Содан кейін ата-аналар мен балалар бірге шай дастарханында бас қосып, жылы әңгіме-дүкен құрып, мерекелік көңіл-күйде болды. Отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын мұндай шаралар ата-аналар мен балалар арасындағы сыйластықты арттырып, бір-бірін жақынырақ тануға мүмкіндік берді.
Шаңырақ мықты болса – отбасы бақытты, отбасы бақытты болса – қоғам берекелі! Осындай игі шаралар ұлттық тәрбие мен бірлікті нығайта түседі.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт тілейміз!

Просмотров: 184

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст