"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14 НАУРЫЗ – «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ»

14.03.2025

Жыл сайын 14 наурызда адамдар бір-бірін «Амал келді – Жыл келді!» деп құттықтап, бір дастархан басына жиналып, дәм татып, ескі жылдан жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанады. Біздің мектебіміз де осы дәстүрлі мерекені атап өтуде.
Ақ ниетпен, ақ тілекпен жаңа Амалды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DHL4V9Wo255/?hl=ru

Бүгін мектебімізде ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған ерекше шара өтті. Бұл күні оқушылар ата-бабаларымыздың дәстүрін жаңғыртып, бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының ежелгі тайпаларының бірі – үйсіндер туралы танымдық театрландырылған қойылым қойды. Қолдан жасалған қуыршақ кейіпкерлер арқылы олар көшпелі халықтың өмірі мен салт-дәстүрлерін көрсетті. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның бейнесі де ерекше орын алды, бұл ұлттық музыка мен мәдениетке деген құрметті білдірді.
Бұл қойылым арқылы оқушылар қазақ тарихына терең үңіліп, ата-бабаларымыздың тұрмысын, құндылықтарын түсінді. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер мен қуыршақ театры арқылы шығармашылықтарын дамытып, сахналық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.

https://www.instagram.com/p/DHL7nq4oOP_/?hl=ru

 

Просмотров: 159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст