Текст
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 5-7 сынып оқушылары үшін тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Тәртіп фракциясы өткізген іс-шара оқушылардың АИТВ/ЖИТС туралы хабардарлығын, оның алдын алу тәсілдерін және өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың өзіне және айналасындағыларға деген жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салты мәдениетін дамытуға ықпал етеді.